Accessibility links

Гуантанамо тұтқындарын Йеменге ауыстыру тоқтатылды


АҚШ Гуантанамо тұтқындарын Йеменге ауыстыруды тоқтатып отыр. Бұл туралы сейсенбі күні Ақ үй өкілі Гиббс мәлімдеді. Барака Обама әкімшілігі Гуантанамо түрмесін жабу мақсатында біртіндеп тұтқындарды босатуда.

Жуырда американдық бірқатар беделді сенаторлар, Йемендік экстремистердің одан әрі босатылуының салдары келеңсіз болады деп ескертіп, босатылғандардың көпшілігі қайтадан бұрынғыдай қылмыстық іс-әрекетке оралуда деп мәлімдеген болатын.

АҚШ соңғы уақыттары «Әл-Қаидамен» қатысы бар топтардың күрт жандануына алаңдаушылық білдіріп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG