Accessibility links

Johnson&Johnson компаниясы мұрагерінің артында қазақстандық қызы қалды


Johnson&Johnson фармацевтикалық компаниясының жуырда қаза болған мұрагері Кейси Джонсонның артында Қазақстаннан асырап алған Ава-Монро есімді қызы қалды деп хабарлайды Ассошейтед пресс агенттігі.

30 жасар Джонсонның өлімі туралы дүйсенбі күні белгілі болды. Бүгінде ақсүйектер қоғамының атышулы өкілінің бірі болған Джонсонның өлімі себептері анықталуда. Лос-Анджелес полицейлерінің айтуынша, қайғылы оқиғаның куәгерлері жоқ.

Кейси Джонсон Johnson&Johnson фармацевтикалық компаниясының негізін қалаушының шөпшегі болып табылады. Компанияның жұмысына еш қатысы болмаса да, дәл Кейси және оның екі кенже сіңілілері отбасылық дәулетке ие болуы тиіс еді.

Кейсидің артында 2007 жылы Қазақстаннан асырап алған Ава-Монро есімді қызы қалды. Бұл есімді өгей шешесі өзінің кумирі - Мэрилин Монроның құрметіне қойған екен.
XS
SM
MD
LG