Accessibility links

Қытайдың Хунань порвинциясындағы өрттен 25 адам қаза болды


Қытайдың Хунань порвинциясындағы шахтада шыққан өрт 25 адамның өмірін қиды, бұл туралы сәрсенбі күні «Чайна дейли» газеті жазды.

Тілсіз жаудан зардап шеккендердің саны одан да көп болуы мүмкін, себебі – жер астында 600 метр тереңдікте әлі де 5 жұмысшы қалып отыр деп хабарланды. Өрт сейсенбі күні «Лишэн» кенішінде электр желісінің тұйықталуынан болған деген болжам бар. Өрт шыққан сәтте жер астында 73 кенші болған, олардың 43 жер бетіне аман-есен шыққан.

Қытайдың көмірөндіруші өнеркәсібі әлемдегі ең қауіптілердің бірі болып саналады. Жыл сайын Қытайда осы сала кәсіпорындарында 7 мыңға жуық адам қаза болады.

2005 жылы Ляонин «Суньцзявань» провинциясында болған Қытай тарихындағы ең ауқымды апатта 200-ден аса адам қаза тапқан-ды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG