Accessibility links

Түркменстан мен Иран президенттері екінші газ құбырын ашпақ


Түркменстан мен Иран президенттері ашуды жоспарлап отырған екінші газ құбыры, Иранға жеткізілетін түркмен газының көлемін жылына 20 миллиард текшеметрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Түркменстанда екі күндік сапармен жүрген Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад кеше Ашхабадта түркмен президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Екі жақ алдағы 5 жыл ішінде екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтып – жылына 10 миллиард долларға дейін жеткізбек.

Бұл екі мемлекеттің арасындағы бірінші газ құбыры 1997 жылы ашылған болатын.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG