Accessibility links

Дағыстандағы жарылыстан қаза тапқандар саны алтыға жетті


Ресейдің Солтүстік Кавказ республикасы Дағыстанда бүгін жанкештілік шабуыл болып, кемінде 6 полиция қызметкері мерт болды, тағы – 14 кісі жарақат алған.

Ресейдің ақпарат көздерінің жазуынша, Махачкаладағы полиция бекетіне енбек болғанда кедергіге ұшыраған жанпидашы көлікке қойылған жарылғыш затын іске қосқан. Жанкештінің көлігін милиция автокөлігі бөгемегенде, қаза болғандардың саны әлде қайда көп болуы мүмкін еді.

Мұның алдында ғана Махачкалада Дағыстанның табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі Ибадуллу Мукаевқа қастандық жасалған болатын. Үйінің ауласына белгісіз біреулер екі граната лақтырып, оның бірі жарылған еді. Орын алған оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Өткен жылы Ресейдің Солтүстік Кавказ республикаларында шабуылдар көбейіп кетті, оның көбісі полиция қызметкерлерін нысанаға алды. Бақылаушылар қақтығыстар елдегі кедейлік, исламизм және құқық қорғау органдарының қатаң әдіс-тәсілінен ушығып отыр дейді.


XS
SM
MD
LG