Accessibility links

Әлемдік дағдарыс тобы Орта Азияда еңбек реформасын жасауға шақырды


Халықаралық дағдарыс тобы (ICC) Орта Азия елдерін аймақтағы жұмыссыздар санының көбеюінен болатын тұрақсыздықтың алдын алу мақсатында еңбек реформасын қолға алуға шақырып отыр.

Брюсселде орналасқан халықаралық дағдарысты зерттеу және құқық қорғау ұйымының мәліметінше, әлемдік экономикалық дағдарыстан Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің еңбек мигранттары шетелде нәпақа табу мүмкіндігі болмағандықтар өз елдеріне қайта оралуда.

Халықаралық дағдарыс тобы Орта Азия мемлекеттерінде әлсіз инфрақұрылыммен, бұл елдердің Ауғанстанға жақын орналасқандығынан бүгіннің өзінде тұрақсыздық көрініс тауып жатқандығын ескертеді.

Халықаралық дағдарыс орталығының пайымдауынша, экономиканы нығайтпай, жемқорлықты ауыздықтамай, қайтып оралып жатқан еңбек мигранттарына әлеуметтік көмек беру бағдарламасын қолға алмайынша, еңбек мигранттары елдегі тұрақсыздықтың негізгі себебі болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG