Accessibility links

Кашмирдегі жарылыстан 3 сарбаз қаза тапты


Пәкістанның бақылауындағы даулы Кашмир аймағындағы армия казармасында жарылыс болып, кемінде 3 сарбаздың өмірін қиды.
Полицияның хабарлауынша, Тарар Хул аймағындағы жарылыстан тағы 11 әскер жараланды.

Пәкістан күштері Ауғанстанмен шекаралас аймақта талибандарға қарсы соққысын бастаған қазан айынан бері 500 адам шабуыл құрбаны болды.

Бірақ Кашмирде мұндай шабуылдар өте сирек болады. Гималай аймағы Пәкістан мен Үндістанды бөліп тұрған даулы аймақ.
XS
SM
MD
LG