Accessibility links

Сербия президенті православтар Рождествосына Косовоға барады


Бүгін Сербия президенті Борис Тадич қаңтардың 7-і күнгі православ дініндегі Рождество мерекесіне қатысу үшін Косовоға бармақшы.

Косовоның вице-премьері Раме Манай Азаттық радиосына айтқанында, үкіметке Еуропа Одағы арқылы Тадичтің сапарына жол беру жөнінде өтініш түсті деді. Біз оған рұқсат бердік, ол өзінің бұл сапарын саяси мінберге айналдырмайды деді вице-премьер Манай.

Сербия президенті сербтердің қасиетті орны болып саналатын Высокий Дечани монастырында мінәжат етеді. Бұл президент Тадичтің Косовоға Сербиядан тәуелсіздік жариялағаннан бергі екінші сапары болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG