Accessibility links

Йемен күштері жараланған әл-Қаида жауынгерлерін ұстады


Йеменннің Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, қауіпсіздік күштері өздерінің аймаққа жүргізілген екі күндік операциясы барысында әл-Қаида ұйымының мүшесі деп күдіктелген үш жаралы жауынгерді қамауға алды.

Полиция олардың аты-жөнін жарияламады, бірақ олар ел астанасы Санааның солтүстігіндегі ауруханада тұтқындалды деді.

Дүйсенбі күні басталған әскери шаралар әл-Қаида террорлық ұйымынан қауіп-қатер төніп тұр деген алаңдаушылықпен Йемендегі АҚШ пен бірқатар еуропалық елшіліктер жабылған соң қолға алынған.

Желтоқсанның 4-інде Құрама Штаттар қауіпсіздік күштерінің операциясы қауіпке дәл бағытталды деген соң, Йемендегі шетелдік елшіліктер қайта ашылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG