Accessibility links

2009 жылы БҰҰ қызметкерлері шабуыл құрбаны болды


БҰҰ-ның хабарлауынша, 2009 жылы ұйымның 28 азаматтық қызметкері мен 7 бітімгершіл адамы қаза тапқан. Жеті бітімгершілдің 6-ы Суданның Дарфур аймағындағы үш бөлек жанжалда құрбан болды.

Бітімгершіл күштердің жетіншісі Дарфурдағы БҰҰ миссиясы қолбасшыларының бірі өз елі Пәкістанға барғанда опат болды. 18 азаматтық қызметкер Пәкістан мен Ауғанстанда мерт болды. БҰҰ-ның өкілі өз қызметкерлеріне қарсы шабуылдар Ауғанстан, Пәкістан және Дарфурда жалғасып отыр деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG