Accessibility links

Тәжікстан Роғун ГЭС-ның акцияларын сата бастады


Бүгін Тәжікстан Роғун гидро электр стансасының акцияларын сата бастады. Осылайша ғасыр жобасы аталған бұл бөгесін құрылысын аяқтауға күш салынбақ.

Елдің қаржылық мүмкіндігі жоқ үкіметі бұл гидростансаны салып бітіру үшін орташа айлық жалақасы 70 доллар шамасындағы халықтың көмегіне жүгініп отыр.

Сейсенбі күні президент Эмомали Рахмонел азаматтарын Роғунның акцияларын сатып алуға шақырды. Тәжік жетекшілері осыған дейін қарапайым жұртты бұл бекеттің құрылысына бір айлық жалақысын салуға шақырған.

Рейтерс агенттігі кейбір тәжіктер өздерін Роғун акциясын сатып алуға мәжбүрлеп жатқанын айтып шағымданғанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG