Accessibility links

Карзай Лондон конференциясына дейін кабинеттің мақұлданғанын қалайды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай бүгін парламентте сөйлеген сөзінде өзінің 28-ші қаңтарда өтетін Ауғанстан бойынша Лондон конференциясына дейін кабинеттің жасақталғанын қалайды.

Өткен аптада парламент Карзай ұсынған үкімет мүшелігінен 24 үміткердің 17-сін қабылдамай тастаған. Ауған президентінің өкілі Вахид Омар Карзай сенбі немесе жексенбі күндері жаңа кандидаттардың тізімін ұсынады деді.

Жаңа тізімге парламент осыған дейін кері қайтарған кейбір үміткерлер енеді деген президент өкілі, бірақ олар басқа орындарға ұсынылады деп айтты.

Дүйсенбі күні Ауғанстан президенті ел парламентін жаңа үкімет жасақталғанша, қысқы демалыстарын шегере тұруға шақырған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG