Accessibility links

Пентагон Гуантанамоның бұрынғы тұтқындары қылмысқа бейім дейді


Гуантанамоның бұрынғы тұтқындарының арасында экстремисттік қарекетке қайтып оралып жатқандарының саны айтарлықтай өсіп барады, деп мәлімдеді Пентагон өкілі Джефф Моррелл.

Сәрсенбі күні осындай мәлімдеме жасаған АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі нақты мысалдар келтірген жоқ. Дегенмен, Пентагонның 2009 жылғы осы мәселеге қатысты есебінде Гуантанамоның бұрынғы тұтқындарының «қылмысқа бейімділік деңгейі» 14 пайызды құрағандығы айтылған еді.

Жақында трансатлантикалық авиалайнерді жаруға әрекет жасалғаннан кейін Вашингтон бұл порблемамен қайта айналыса бастады. Кейбір ақпараттарға қарағанда, террорлық шабуыл жасамақ болған деген күдікпен ұсталған нигериялық азаматтың Гуантанамо түрмесінің екі бұрынғы тұтқыны жетекшілік ететін Йемендегі «Әл-Қаида» бөлімделерінің бірімен байланысы болуы мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG