Accessibility links

Қазақстанда азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережесі өзгерді


Қазақстан үкіметі азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа ережесін бекітті. Осыған сәйкес қабылданған үкімет қаулысы бүгін ресми баспасөзде жарияланды.

Қаңтардың 17-күні күшіне енетін жаңа ережеге сәйкес, бірыңғай дистрибьютор үшін дәрілер тізімін медициналық ұйымдардан келіп түскен қажетті препараттарды негізге ала отырып Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі жасап, бекітетін болады.

Қазақстанда бірыңғай дистрибьюторлық жүйе өткен жылы енгізілген болатын. Бірыңғай дистрибютор – дәрі-дәрмектер мен керекті құрал-жабдықтарды сатып алатын, өнімді жеткізуші фирмалармен келісімшарт жасап, препараттарды сақтау мен медициналық жабдықтарды жеткізумен айналысатын кәсіпорын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG