Accessibility links

Ауғанстанда Хост провинциясының басшысы жарақат алды


Ауған ресмилерінің хабарлауынша, елдің шығысындағы Хост провинциясының басшысы аймақтық әкімшілік ғимараты сыртындағы қоқыс жәшігіне қойылған бомба жарылысынан жараланды.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Земери Башаридің айтуынша, жарылыс ғимараттың терезесін сындырып, провинция басшысы Тахр Хан Сабари ұсақ шынылардан жарақат алған.

Пәкістанмен шекаралас Хост провинциясы Ауғанстанның ең тұрақсыз аймақтарының бірі болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG