Accessibility links

Иранның сыртқы істер министрі Ираққа барды


Иран сыртқы істер министрі екі күндік сапарымен Бағдадқа барды. Ирандық телеарнаның айтуынша, Манучир Моттаки ирақтық әріптестерімен шекарадағы проблемалар мен қауіпсіздік ынтымақтастығы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланады.

Желтоқсан айының ортасында Ирақ пен Иранның даулы шекара аймағындағы мұнай кенішіне ирандық жасақтар орнығып алған болатын. Бұған қатысты үкіметтің шаралар қабылдауын талап етіп, Ирақтың бірнеше қалаларында шерулер болды.

Моттаки ирақтық әріптесі Хошияр Зебари және президент Жалал Талабанимен кездеседі.
XS
SM
MD
LG