Accessibility links

Шығыс христиандары Рождество мерекесін атап өтуде


Бүгін миллиондаған православ және шығыс дәстүріндегі христиандар юлиан күнтізбегі бойынша 7-ші қаңтарға сәйкес келетін Рождество мерекесін атап өтіп жатыр.

Мәскеуде Ресей патриархы Кирилл сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Иса пайғамбарды құтқарушының храмында мерекелік мінәжат ету шарасын өткізді. Оған Ресей президенті Дмитрий Медведев қатысып, мерекеге жиналған 4 мың адамның қатарында ғибадат жасады.

Бұларада Сербия президенті Борис Тадич этникалық албандар басым тұратын Косовода сербтермен бірге Рождество мерекесін атап өтті.

Вифлеемдегі мыңдаған палестиналық христиандар өздерінің Рождество мерекесін қарсы алған шараларында діни жетекшілері патриарх Феофилді шіркеу жерін израилдіктерге сатты деп айыптады.
XS
SM
MD
LG