Accessibility links

Осы жылы Байқоңырдан кемінде 30 ғарыш кемесі ұшырылады


2010 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан кемінде 30 зымыран тасығышы ғарышқа ұшырылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі ғарыш айлағының ресмилеріне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Ресейдің ғарыш агенттігінің өкілі осы жылы да "Союз" зымыран тасығышына салмақ көбірек түседі деген. Атап айтқанда, төрт "Союз-ФГ" зымыраны мен "Союз-У" зымыран тасығышы жоспар бойынша ұшырылуы керек. Бұл бағдарламамен ұшырылатын зымырандар халықаралық ғарыш стансасындағы космонавтарды ауыстырып, оларға қажетті заттарды жеткізеді. Сонымен қатар "Протон"зымыраны да бірнеше рет ұшырылады.

М.Хруничев атындағы ғарышқа ұшыру бағдарламасына барлығы 12 ғарыш кемесі енгізілген. Оның қатарында Қазақстанның "KazSat-2" жер серігі бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG