Accessibility links

Иран мен Ирақ шекараға қатысты келіссөз өткізеді


Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Иран мен Ирақ арасындағы даулы шекара аймағы бойынша келіссөөдер аптаның ішінде өтеді деп мәлімдеді.

Моттаки ирақтық әріптестерімен келіссөздер өткізу үшін Бағдадқа барған. Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари екі елдің арасындағы шекара проблемасы әлі де бар, біз оны реттеуіміз керек деді.

Желтоқсан айының ортасында Ирақ пен Иранның даулы шекара аймағындағы мұнай кеніші маңына ирандық жасақтар орнығып алған болатын. Бұған қатысты үкіметтің шаралар қабылдауын талап етіп, Ирақтың бірнеше қалаларында шерулер болды.
XS
SM
MD
LG