Accessibility links

Карачидегі жарылыстан 6 адам қаза болды


Пәкістанның Карачи қаласында жарылыс болып, кемінде алты адамның өмірін қиды. Полицияның хабарлауынша, жарылыс болған үйден қол гранатасы, автомат қару және жанкештінің кеудешесі табылған.

Карачи полициясының басшысы Васим Ахмад пәкістандық телеарнаға берген хабарламасында, бұл үйде содырлар мекендеген болуы мүмкін деген күдігін айтты.

Пәкістанның бірқатар қалаларында соңғы айларда жанкештілік жарылыстар көбейіп кетті.
XS
SM
MD
LG