Accessibility links

Иранның Ослодағы консулы еліне қайтудан бас тартты


Иранның Норвегиядағы консулы Теһранның оппозициялық шерушілерді жазалауына наразылық танытып өзінің қызметінен кеткенін растап, еліне қайтудан бас тартты.

Иран елшілігінің дипломаты болған Мохаммед Реза Хейдари AFP ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, “Теһрандағы жағдайлардан кейін жұмысымды жалғастыру мүмкін болмады” деді. Ол өзінің шеруге шыққан адамдар мен ирандық оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусавиді сыйлағаны үшін қызметінен кеткенін мәлімдеді. Енді дипломат өзінің не істейтінін білмей отыр.

Сәрсенбі күні Иран елшілігі оның орнынан кеткенін жоққа шығарып, консулдың қызмет ету мерзімі бір айда аяқталуы керек болған деді.
XS
SM
MD
LG