Accessibility links

Иран депутаты АҚШ саяхатшылары әзір босатылмайды деді


Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитет басшысы Алаеддин Бороужерди жұма күні Иран аймағында шілде айында ұсталған үш американдық жақын уақытты босатылмайды деді.

Американдық үш саяхатшының отбасылары олар қыдырып жүріп, Иран аумағына абайсызда өтіп кетті деп айтуда. Иран оларды тыңшылық жасады деп айыптайды.

Ирандық депутат бұл тұста АҚШ күштері 2007 жылы Ирақта бес ирандық дипломатты ұстап, олар әлі шығарылған жоқ деп атап өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG