Accessibility links

Иранның оппозициялық вебсайты Кароубидің көлігіне оқ атылды деді


Иранның оппозиция жетекшісі Мехди Кароубидің көлігіне билікті қолдайтын шерушілер оқ атты деп Sahamnews оппозициялық вебсайты жазып жатыр.

Хабарларға қарағанда, ол атыс Кароуби Қазвин қаласындағы оппозициялық шерушілерді аза тұту шарасына қатысып шыққанда болды. Бірақ ол жараланғанбаған. Аза тұту шарасы өткен ғимаратты үкіметті қолдайтын 500-дей адам қоршап алып, таспен атқылаған. Бұл оқиғаға қатысты ресми тараптан еш хабар түспеді.

Кароуби маусым айындағы президенттік сайлауға түскен еді. Ол сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад жеңіске жеткен.
XS
SM
MD
LG