Accessibility links

Карачиде жарылғыш заттары атылып 8 содыр қаза тапты


Пәкістан полициясы Карачи қаласында террорист деп күдіктелген 8 адам жарылғыш заттары іске қосылып қаза тапты деп хабарлады. Полицияның хабарлауынша, жарылыс болған үйден қол гранатасы, автомат қару және жанкештінің кеудешесі табылған.

Карачи полициясының басшысы Васим Ахмад пәкістандық телеарнаға берген сұхбатында, бұл үйде содырлар мекендеген болуы мүмкін, жарылыс олар қару-жарақтарын тасып жатқанда жарылған сияқты деді.

Ішкі істер министрі Рехман Малик ол үй Суат жазығына жақын жерде орналасқан деді. Пәкістан күштері талибан бүлікшілеріне қарсы Суат жазығында әскери операциялар жүргізген.
XS
SM
MD
LG