Accessibility links

Испания Еуропа Одағына төрағалықты алды


Бүгін Испания Еуропа Одағына төрағалықты ресми түрде алды. Мадрид экономикалық дағдарыстан кейінгі одақтың экономикалық мақсат-міндеттерін ынталандыратын жаңа жолдарды ұсынып отыр. Испания премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро өсімді көтеру үшін нақты қадамдар мен ортақ саясат қажет деді.

Сапатеро Испанияның ЕуроОдаққа алты айлық төрағалығы кезінде одақтың ешбір саммитіне төрағалық жасамай, Еуропа Одағының бірінші тұрақты президенті бельгиялық Херман ван Ромпейдің жанында отырады.

Ван Ромпей ЕО Лиссабон келісімін мақұлдаған соң, желтоқсан айында тағайындалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG