Accessibility links

Ауғанстанның Херат қаласында АҚШ консулдығына оқ атылды


Бүгін Ауғанстанның батысындағы Херат аймағындағы американдық консулдық ғимаратына зымыран атылды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, зымыран соққысынан ешкім зардап шекпеген. Екі зымыран ғимаратқа тиіп, үшіншісі консулдықтың аймағына түскен.

Кабулдағы АҚШ елшілігі өз өкілдіктерінің ғимаратына оқ атылғанын растап отыр. Бірақ басқа толығырақ мәліметтер берілмеді.
XS
SM
MD
LG