Accessibility links

Иран соңғы шерулерде ұсталған екі шетелдікті босатты


Иранның жартылай мемлекеттік ақпарат агенттігі Теһранның прокуроры Аббас Жафари Долатабадидің сөзін келтіріп, германиялық пен Сирия журналисі босатылады деп хабарлап жатыр. Олар желтоқсанның 27-де оппозицияны қолдаушылар мен үкметтік күштер арасында болған қақтығыс кезінде қамауға алынған.

Долатабадидің айтуынша, Дубай телеарнасына қызмет ететін сириялық журналист сенбі күні шығарылады. Германиялық жұма күні босатылған.

Желтоқсанның 27-дегі қақтығыста кемінде 8 адам қаза тапқаны айтылды, бұл маусым айындағы даулы президенттік сайлаудан кейін орын алып келе жатқан үкіметке қарсы шерулердің адам шығыны көп болған қақтығыс болды.

Оппозициялық вебсайт бұл соңғы шеруге қатысты 180 адам қамауға алынды, оның ішінде 17 журналист пен оппозициялық жетекші Мир Хоссейн Мусавидің 10 үзеңгілесі бар деді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG