Accessibility links

Түркменстан Ресейге қайтадан газ бере бастады


Ресейдің мемлекеттік энергетикалық компаниясы "Газпромның" хабарлауынша, бүгіннен бастап Түркменстан тоғыз айлық үзілістен кейін Ресейге газ тасымалын қайта бастады.

"Газпром" өкілі Сергей Купряновтың "Эхо Москвы" радиосына берген сұхбатында, газ тасымалына қатысты барлық проблема реттелді деген. Газ тасымалына байланысты шамамен 1 млд долларын жоғалтқан Түркменстан құбыржолындағы жарылыс үшін Мәскеуді айыптаған.

Одан кейін Ресей мен Түркменстан байланыстарына көлеңке түсіп, Түркмен елі Қытай мен Иранға газ жөнелтетін құбыржолдарын іске қосты.

Енді жаңа келісімге сәйкес, Ресей жылына Түркменстанның 30 млд текше метр газын сатып алатын болады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай аз болып отыр.
XS
SM
MD
LG