Accessibility links

Мысырда христиан мен мұсылман өкілдері бір-бірінің үйіне өрт қойды


Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бүгін Мысырдың оңтүстігінде мұсылмандар мен христиандар бір-бірінің үйі мен дүкендерін өртеді. Оған осыдан үш күн бұрын қарулы топтың 6 копт христианын өлтіруі түрткі болған.

Қауіпсіздік ресмиінің айтуынша, Нагаа Хамади қаласындағы төрт мұсылман мен 4 христианның үйіне өрт қойылған. Мұсылмандары басым тұратын Мысырдың 10 пайыз халқын копт христиандары құрайды.

Сондай-ақ бүгін үш мұсылман азаматына кісі өліміне әкелген атысқа байланысты айып тағылды. Елдегі бұл жанжалдан кейін соңғы екі күн қатарынан наразылық шерулері болған.
XS
SM
MD
LG