Accessibility links

Германияның оппозициялық партиясы Ауғанстан бойынша жиын өткізеді


Германияның оппозициялық Әлеуметтік демократтар партиясы Еуропа Одағының сыртқы істер бойынша басшысы Кэтрин Эштон мен Ауғанстанның сыртқы істер министрі Рангин Дадфардың қатысуымен Ауғанстан бойынша конференция өткізеді.

22-ші қаңтарға жоспарланған бұл жиын Лондонда өтетін Ауғанстанға қатысты халықаралық конференциядан бір апта бұрын өтпекші.

Германияның бұрынғы сыртқы істер министрі, оппозициялық Әлеуметтік демократтар партиясының жетекшісі Франк-Валтер Штайнмайер Ауғанстаннан германиялық күштердің шығарылғанын қолдайды. Бүгінде Ауғанстанда Германияның 4,500 жасағы бар.
XS
SM
MD
LG