Accessibility links

Айдын Жантелеев қызметінен босатылды


Бас прокуратураның ұсынысымен Алматы қаласы Қаржы полициясы бастығының бірінші орынбасары Жантеелевтің орнынан алынғаны туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.


-Жантелеевке қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған соң, ол прократураның ұсынысы бойынша қызметінен босатылды,- деп айтқан Қаржы полициясының бастығы Сәттібек Оңғарбаев.


Өткен жылдың 5-ші қарашасы күні Жантелеевті Алматы қалалық ҰҚК-нің қызметкерлері ұстағанда оның қалтасынан есірткі табылғандығы жөнінде хабарланған еді. Осы оқиға бойынша ҰҚК-нің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, іс 12 қарашада Бас прокуратураға берілген болатын.


Желтоқсанның басында Бас прокуратура Жантелеевтің әрекетінде қылмыстық құрам болмаған деп тауып, оған қарсы қозғалған істі жапты. Оған ҰҚК қызметкерлерінің Жантелеевті ұстау барысында заң талаптарын өрескел бұзғандығы негіз болған делініп, ҰҚК-нің тергеу тобына өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалған еді.


Бас прокуратураның Қаржы полициясына жолдаған хаты бойынша агенттік Жантелеевтің мінез-құлқы атқарып отырған қызметіне сай емес деп шешкен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG