Accessibility links

Иран балаларын жоғалтқан қаралы аналарды қамауға алды


Иранның қауіпсіздік қызметі сайлаудан кейінгі толқуларда балаларын жоғалтқан 30 шақты қайғылы ананы қамауға алды.

Иранның оппозициялық кaleme.org вебсайтының жазуынша, ол аналар сенбі күнгі шерулері кезінде ұсталып, полицияның көлігіне күшпен отырғызылып әкетілген.

Қаралы аналар тобы маусым айында президент Махмуд Ахмадинежадты қайта билікке әкелген даулы сайлаудан кейінгі наразылық шерулерінде балаларының өлтіріліп немесе жоғалып кеткеніне наразылық танытып шыққан болатын. Бұл ақпарат тәуелсіз түрде нақтыланбады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG