Accessibility links

АҚШ-тың әуе соққысынан 5 пәкістандық қаза тапты


Хабарларға қарағанда, талибандар тығылып жүр деген Пәкістанның Солтүстік Вазиристан тайпалы аймағында АҚШ-тың пилотсыз ұшағы тастады деп күдіктелген зымыран шабуылынан бес күдікті жауынгер өлтірілген.

Хабарларға қарағанда, сенбі күні кешкісін тасталған екі зымыран соққысынан тағы алты содыр жараланған. Бұл аймаққа соңғы екі күн қатарынан әуеден зымыран тасталды.
XS
SM
MD
LG