Accessibility links

Тогоның футбол командасы жарысқа қатыспайтын болды


Того футбол құрамасының капитаны Эммануэль Адебайор өзінің командасы үкіметтің кеңесін тыңдап, Анголадағы Африкан турниріне қатыспай-ақ елге оралады деп айтты.

Осының алдында футбол командасы бүлікшілер шабуылынан қаза тапқан үш адамының рухы үшін жарысқа қатысатындықтарын айтқан.
Того үкіметінің басшысы олардың қауіпсіздік жағдайларына байланысты елге қайтуларын талап етті.

Жұма күні тоголық футболистердің автобусына Ангола сепаратистері оқ атқанда, топтың үш адамы қаза тауып, сегізі жараланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG