Accessibility links

Еуропа елдері жолды қалың қардан тазартуда


Германия мен Польша жексенбі күні кейбір аймақтарында жол қозғалысын тоқтатып, коммуналдық қызметтерге салдарын тигізген қалың қарды аршып жатыр.

Польшаның ақпарат агенттігі қалың қардың түсуінен елдегі электр энергиясын беретін стансалар істен шығып, 80 мың адам жарықсыз қалды деді.

Германияның теміржол қызметі елдің солтүстік-шығысындағы аймағынан Батыс Померанияға баратын пойыз жолы жабылып қалды деп отыр. Германия мен Польша шекарасына жақын жерде құтқарушы топ қарға батып қалған 14 жолаушысы бар аймақтық пойызды шығарып алды. Балтық жағалауы бойындағы күре жолда түні бойы қалған 160-тан аса адамды өрт сөндірушілер құтқарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG