Accessibility links

Того футболшылары еліне оралды


Жұма күні Ангола аумағында шабуылға ұшыраған Того футбол құрамасы еліне қайтты – ұлттық құрама Африка кубогы жолындағы жарыстарға қатыспайды.

Бұған дейін футболшылар шабуылдан қайтыс болғандарды еске алу мақсатында турнирге қатысатындықтарын айтқан еді. Алайда жексенбі күні Того премьер-министрі Жильбер Унгбо олардың елге оралуын талап етті.

Футболшылар мінген автобус Анголаның Кабинда провинциясында жікшілдердің шабуылына ұшырады. Қастандық әрекеттен үш адам қаза болды, сегіз кісі жараланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG