Accessibility links

Ауғанстанда британ журналисі қаза болды


Ауғанстанда британ журналисі қаза болды деп хабарлады жексенбі күні Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі. Британияның премьер-министрі Гордон Браун журналистің қазасына орай көңіл айтты.

Хабарларға қарағанда, американдық теңіз жаяу әскерінің көлігі Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында жарылғышқа ұрынған. Жарылыстан Sunday Mirror газетінің тілшісі Руперт Хэймер, сондай-ақ американ және ауған сарбазы қаза болды. Sunday Mirrir тілшісі Филип Кобурн ауыр жараланды.
XS
SM
MD
LG