Accessibility links

Қазақ журналистерін қорғап акция өткізушілерді соттайды


Бүгін Алматы қаласының әкімшілік соты журналистерді қолдау мақсатында акция өткізген бір топ кісіге қатысты істі қарайды.

Хабарларға қарағанда, «Алға» партиясын тіркеу комитетінің төрағасы Владимир Козловқа, «Алма-Ата Инфо» газетінің редакторы Рамазан Есіргеповтың жұбайы – Раушан Есіргеповаға және «Журналистер қауіп-қатерде» ұйымының президенті Розлана Таукинаға қарсы әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілген. Олар митингтер, шерулер және пикеттнр өткізу туралы заңды бұзды деп айыпталып отыр.

Өткен сенбі, 6 қаңтар күні бір топ кісі түрмеде отырған қазақ журналистеріне, соның ішінде Алматы қаласының орталығында журналист Рамазан Есіргеповтіе, «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуковке, жазушы Алпамыс Бектұрғановқа, тілші Тоқберген Әбиевке қолдау көрсету акциясын өткізген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG