Accessibility links

Нетаньяху: Израиль-Мысыр шекарасында бөгет орнатылады


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жексенбі күні Мысырмен арада бөгет тұрғызу жоспарын мақұлдады. Ол бойынша шекаралас аумақты заңсыз мигранттар мен содырлар ел аумағына кіріп кетпеуін бақылайтын аппарат орнатылады.

Нетаньяху қолға алғынған бұл іс-шаралар Израильді қорғайды деп мәлімдеді. Сонымен бірге, премьер-министр Израиль әскери қақтығыс ошақтарының босқындарын алдағы уақыттары да қабылдай беретіндігін атап көрсетті.

Хабарларға қарағанда, қатаң бақыланатын бөгеттер шекараның бірқатар аудандарында ғана бой көтереді.
XS
SM
MD
LG