Accessibility links

Грузияда әскери бүлікшілерге сот үкімі шығарылады


Грузияда дүйсенбі күні Мухрован қарулы күштер базасында 2009 жылы 5 мамырда тіркелген әскери бүлікке қатысты іс бойынша сот үкімі шығарылады деп жоспарланған. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Іс бойынша 20 кісіге күдік келтірілген. Прокуратура оларды төрт жылдан отыз жылға дейінгі аралықта түрмеге қамау жазасын сұрап отыр. Күдіктілер тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG