Accessibility links

Хорватияның жаңа президенті жемқорлықпен күресуге уәде берді


Хорватияның жаңадан сайланған президенті Иво Йосипович өзінің басты мақсаты – сыбайласқан жемқорлықпен күрес, сондай-ақ бұл іс-әрекеті елдің 2012 жылы Еуропа Одағына енуіне көмектеседі деп есептейді. Президенттік сайлаудың екінші турында жексенбі күні жеңіске жеткен Йосипович сайлаушылар алдында осылай деп мәлімдеді.

Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, оппозициялық социал-демократиялық партиясының өкілі Йосипович сайлауда 60 пайыздан астам дауыс жинаса, оның қарсыласы – Загреб әкісі Милан Бандич сайлаушылардың шамамен 40 пайыз қолдауына ие болды.

Қазіргі мемлекет басшысы Стипе Месич бес жылдық екі мерзімнен кейін отставкаға кеткелі отыр.
XS
SM
MD
LG