Accessibility links

Иран сыртқы істер министрі Сирияға сапар жасауда


Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки бүгін Дамаскіге барды. Ол Сирия басшыларымен, қуғындағы палестиналық саяси жетекшілермен және Хезболла өкілдерімен келіссөз өткізбек.

Моттаки сириялық әріптесі Уалид әл-Моалеммен және президент әл-Ассадпен кездесуі барысында Израиль-Палестина қақтығысына байланысты екі елдің көзқарасы мен Ирақтағы парламент сайлаулары туралы мәселелерді талқыламақ деп хабарлайды Сирия ресмилері. Иран дипломаттарының айтуынша, Моттаки сондай-ақ Хезболла бас хатшысы Хуссейн әл-Хадж Хассанмен және қуғындағы палестиналық жетекшілермен жүздеспек. Бұл кездесу Дамаскідегі Иран елшілігінде өтеді деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG