Accessibility links

Жәкішев: Менің ісімді алқабилер соты қарасын


«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев оның ісін алқабилер сотының қарауын қалайды. Бұл туралы Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдеді деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі. Бейсекеевтің айтуынша, Жәкішев өзіне тағылған айыптар бойынша айыпты емес екендігін айтып, бұл айыптардың ойдан шығарылғандығын сотта дәлелдемекші.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр. Бұрынғы топ-менеджер мамыр айында тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалды.
XS
SM
MD
LG