Accessibility links

Иран профессордың өліміне байланысты АҚШ-ты айыптады


Иран сыртқы істер министрлігі елдегі ядролық физика профессорының өліміне АҚШ пен Израилдің қатысы бар деп айыптады.

Ирандық ғалым Массуд Әли Мохаммади сейсенбі күні Теһрандағы үйінің сыртында жарылғыш орнатылған мотоциклдің жарылуынан қаза тапты. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бұл жарылыс лаңкестік әрекет болған және оны «сионистер мен американдық агенттер» жүзеге асырған.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG