Accessibility links

Гаитидегі жойқын жер сілкінісінен жүздеген адам қаза болды


Сейсебі күні Гаитиде 7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, артынша-ақ 5,9 және 5 жарым магнитудалы екі дүмпу қайталанған. Жер сілкінісі цунами туғызуы мүмкін деп хабарланды. Бұл Кариб аймағы тарихындағы ең жойқын зілзала деп бағаланып отыр.

Хабарларға қарағанда, Гаити астанасы – Порт-о-Пренс қаласында жүздеген адам қаза болды. Қазір зілзаладан зардап шеккендердің нақты санын анықтау мүмкін болмай отыр – елдегі байланыс жүйесі қатты зақымданған. Қалада көптеген ғимараттар, соның ішінде аурухананың қирағандығы, сондай-ақ президент сарайы және сауда министрлігінің үйіне зақым келгендігі хабарланды.

АҚШ президенті Барак Обама Батыс жартышардағы ең кедей мемлекеттердің бірі – Гаитиге көмек ұсынды.
XS
SM
MD
LG