Accessibility links

Әлемнің ірі елдері Гаитидегі зілзаладан зардап шеккендерге көмек жібереді


АҚШ, Франция, Канада және Латын Америкасының көптеген мемлекеттері қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айта отырып, Батыс жартышардағы ең кедей елдердің бірі – Гаитиге көмектесуге дайын екендіктерін жариялады.

Зілзаладан ел астанасы Порт-о-Пренс қаласы қатты зардап шеккен, жүздеген адам қаза болғандығы хабарланды. Қазір жер сілкінісінен зардап шеккендердің нақты санын анықтау мүмкін болмай отыр – елдегі байланыс жүйесі қатты зақымданған.

Хабарларға қарағанда, қаладаға көптеген ғимараттар, соның ішінде аурухана, БҰҰ өкілдігінің ғимараты, президент сарайы және сауда министрлігінің үйіне зақым келген.

Сейсебі күні Гаитиде 7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, артынша-ақ 5,9 және 5 жарым магнитудалы екі дүмпу қайталанған. Жер сілкінісінің соңы цунамиге ұласуы мүмкін екендігі хабарланды. Бұл Кариб аймағы тарихындағы ең жойқын зілзала деп бағаланып отыр.
XS
SM
MD
LG