Accessibility links

Түркия Израильден елшіні төмендеткені үшін кешірім сұрауын талап етті


Түркия Израильден ресми түрде кешірім сұрауын және израильдік министрдің түрік елшісін төмендетуінің себебін түсіндіруді талап етті.

Дүйсенбі күні Израильдің сыртқы істер министрінің орынбасары Дани Аялон Түркия елшісі Огуз Челикколды кеңсесіне шақырып алып, оған түрік телеарнасында көрсетілген антиизраильдік бағыттағы көрініске қарсы наразылық нотасын табыс етті.

Кездесу кезінде түрік елшісі отырған орын изрильдік министрдің үстелінен өте төмен орналасқандығы хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG