Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Мәскеуге келеді


АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильямс Бернс бүгін Ресей астанасында жергілікті билік өкілдерімен кездеседі.

Келіссөздер барысында БҰҰ-ның Иранға қарсы енгізілуі мүмкін жаңа санкциялары туралы мәселе талқыланады деп хабарланды. Бұған дейін Иран әлемдік қауымдастықтың Теһранның ядролық бағдарламасына қатысты талаптарын орындаудан бас тартқан еді.

Мәскеудегі келіссөздер барысында, сондай-ақ Ресей және АҚШ арасында ядролық қарулануды тежеу туралы жаңа келісімге отыру мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG