Accessibility links

МАГАТЭ агенттігінің делегациясы Қазақстанға келеді


Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің сарапшылары Қазақстанның ядролық нысандарын тексеруден өткізу үшін қаңтар –ақпан айларында келетіні турасында энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Әсет Мағауов хабарлаған.


ИТАР-ТАСС агенттігі таратқан ақпаратта Мағауовтың бұл жыл сайын жасалатын жоспарлы тексеріс екендігі, 10 жыл бойына бізге ешқандай ескерту болған емес деген сөздерін келтірілген.


«Біз уран жөнелтетін елдердің тізімін көрсеттік, біздегі барлық ақпарат ашық. Әзірге Иранға уран жөнелту турасында мәселе туындаған жоқ»,- деп атап көрсеткен Мағауов.


Өткен жылдың аяғында Ассошайтед пресс агенттігі Астана Теһранға уран беру туралы құпия келісімге барған деген ақпарат таратқан еді. Ресми Астана ол деректі жоққа шығаруда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG