Accessibility links

Гаитидегі зілзаладан қаза болғандар 100 мыңнан асуы мүмкін


Гаитидегі жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 100 мыңнан асып жығылуы мүмкін деп мәлімдеді ресми өкілдер, олардың арасында ел премьер-министрі Жан-Макс-Белльрив те бар.

Аралда құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жер дүмпуінен әсіресе ел астанасы - Порт-о-Пренс қатты зардап шеккен. Қаладағы көптеген ғимараттар қирады, олардың қатарында парламент ғимараты, кафедралдық собор, көптеген мектептер және аурухана бар.

Зілзаладан қаза болғандардың арасында БҰҰ-ның осы елдегі қызметкерлері және халықаралық бітімгер әскердің сарбаздары бар деп хабарланып отыр. Порт-о-Пренс архиепископының көз жұмғандығы расталды.

Халықаралық Қызыл крест ұйымының бағалауынша, Гаитидің шамамен 3 миллион тұрғынына көмек көрсету қажет болады. Әлемнің көптеген мемлекеттері Батыс жартышардағы елге көмектесетіндіктерін хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG